Семейде үйдің төбесі опырылып, ер адам үйінді астында қалды
Төбе жабындысы опырылып, үй ішіндегі ер адам үйінді астында қалған көрінеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейдегі жеке үйлердің бірінде құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде төбе жабындысы опырылып, үй ішінде болған ер адам құлаған құрылымдардың астында қалды. Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары оны үйіндіден шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі жазды.
Министрліктің мәліметінше, оқиға жөніндегі хабар Семей қаласындағы 112 пультіне түскен. Құтқару жасағы оқиға орнына барып, опырылған құрылымдардың астында қысылып қалған ер адамды алып шыққан.
Одан кейін зардап шеккен азамат жедел медициналық көмек бригадасына тапсырылды. Оның денсаулық жағдайы туралы ақпарат жарияланған жоқ.
ТЖМ құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңызын еске салды. Ведомство өкілдері жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жұмыс барысында белгіленген сақтық шараларын орындауға шақырды.
Материал авторы