1507

Алматыда жүк көлігі аялдаманы соғып, ағашқа соғылды

Полицияның мәліметінше, Changan жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамағандықтан, екі көлік соқтығысқан.

Алматыда жүк көлігі аялдаманы соғып, ағашқа соғылды
Zakon.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Бостандық ауданында Changan жеңіл көлігі мен Dongfeng жүк көлігі соқтығысып, ауыр жүк көлігі инерциямен аялдама кешені мен ағашқа соғылды. Оқиға салдарынан Dongfeng жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жазды.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 26 қазанда Жароков көшесінің бойында, Левитан көшесімен қиылысында болған. Солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан Changan көлігінің жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, Dongfeng жүк көлігімен соқтығысқан.

Соққыдан кейін жүк көлігі инерциямен жол бойындағы аялдама кешеніне және ағашқа барып соғылған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Dongfeng жүргізушісін жедел жәрдем бригадасы қарап, қосымша тексеруден өту үшін медициналық мекемеге жеткізген.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында қажетті шараларды жүргізген. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Материал авторы