Әлемдегі ең бай адам бір күнде 11,2 млрд долларынан айырылды

25.05.2023, 09:50
691
Әлемдегі ең бай адам бір күнде 11,2 млрд долларынан айырылды GLOBAL LOOK

Әлемдегі ең бай адам Бернар Арно АҚШ экономикасының әлсіреуі сән-салтанат заттарына сұранысты төмендетеді деген қауіптен бір күнде өз дәулетінен 11,2 млрд доллар жоғалтты. Smartnews.kz сайты бұл туралы NDTV.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Louis Vuitton, Moet & Chandon және Christian Dior сынды сауда маркалары енетін LVMH француздық трансұлттық компаниясының негізін қалаушы Б.Арноның байлығы 2023 жылы қарқынды өсімді көрсетті. Себебі сән-салтанат заттарын шығаратын еуропалық компаниялар акцияларының құны да бірден артқан болатын.

Алайда, сейсенбі күні жағдай аздап өзгерген. Парижде LVMH акциялары 5% арзандаған (бір жылдағы ең жоғары көрсеткіш). Солайша, сән-салтанат заттарын шығаратын еуропалық сегмент бір күнде жалпы 30 млрд доллар жоғалтқан.

Дегенмен, Bloomberg миллиардерлерінің индексіне сүйенсек, акциялардың аталған құлдырауынан Б.Арноның дәулеті бұрынғыша 191,6 млрд долларды құрайды. Биыл оның қазынасы 29,5 млрд доллармен толыға түскен.

Айта кетейік, Бернар Арно мен ғаламшардағы екінші дәулетті адам Илон Масктің байлығы арасындағы алшақтық 11,4 млрд долларға қысқарды.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды