967

«Аяз, тұман және қатты жел»: Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

27 қазанда Астанада және елдің 14 облысында тұман, жауын-шашын, көктайғақ пен қатты жел болатынын ескертті.

«Аяз, тұман және қатты жел»: Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде 27 қазан күні қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер Астана мен 14 облыста тұман, аздаған жаңбыр мен қар, көктайғақ, қатты жел және түнгі үсік болатынын ескертті. Кейбір аймақтарда шаңды дауыл соғып, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» жазды.

Астана мен солтүстік өңірлерде тұман түседі

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде де түнгі және таңғы уақытта тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Өңірдің батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Павлодар қаласында да тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Ал облыстың батысында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Ұлытау облысының батысы мен орталығында, сондай-ақ Жезқазған қаласында да төтенше өрт қаупі жарияланған.

Оңтүстік-шығыста үсік пен қатты жел күтіледі

Алматы облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Өңірде түнде ауа температурасы 1–6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Облыстың батысында, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Алматы қаласында түнде 1–3 градус үсік күтіліп, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Қонаевта түнгі температура 2–4 градусқа дейін төмендейді. Қалада да өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге, кейде 23–28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Облыста түнде 2–7 градус үсік күтіледі. Өңірдің орталығында ауа температурасы минус 11 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Шығыс бөлігінде төтенше, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде 9–11 градус аяз болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыс аумағында 3–8 градус үсік күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Таразда түнде ауа температурасы минус 5–7 градусқа дейін төмендейді.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен батысында 3 градус үсік болуы мүмкін. Өңірдің солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктеріндегі аудандарында өрт қаупі жоғары. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жоғары өрт қаупі сақталады.

Бірқатар өңірде шаңды дауыл мен өрт қаупі сақталады

Қызылорда облысының шығысы мен орталығында күндіз шаңды дауыл соғуы ықтимал. Бұл аумақтарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 3 градус үсік күтіледі.

Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстік бөлігінде өрт қаупі жоғары деңгейде болады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін. Қалада төтенше өрт қаупі жарияланған.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Өңірдің шығысында өрт қаупі жоғары болса, батысында, оңтүстігі мен орталығында төтенше деңгейде сақталады.

Атырау облысында және Атырау қаласында төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының орталығында шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыс аумағында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталса, орталығында төтенше деңгейге жетеді. Ақтау қаласында да өрт қаупі жоғары болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. 

Материал авторы