Доллар, еуро және рубль: 27 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау бағамы қандай?
Айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльді сатып алу мен сату бағамдары белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 27 қазанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублін сатып алу мен сату бағамдары белгілі болды. Көрсеткіштер қалаға және айырбастау пунктіне қарай өзгеріп отырады.
Астанадағы бағам
Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 449 теңгеден сатып алып, 456 теңгеден сатуда. Еуроны 502 теңгеден өткізіп, 512,01 теңгеден сатып алуға болады.
Ресей рублінің бағамы бойынша айырбастау орындары оны орта есеппен 5,35 теңгеден сатып алып, 5,55 теңгеден сатуда.
Алматыдағы бағам
Алматыда бір долларды айырбастау пунктіне орта есеппен 452,06 теңгеден өткізіп, 454,22 теңгеден сатып алуға болады. Еуро 505,36 теңгеден сатып алынып, 509,85 теңгеден сатылып жатыр.
Рубльді сату бағамы орта есеппен 5,38 теңге болса, сатып алу бағамы 5,50 теңгені құрайды.
Шымкенттегі бағам
Шымкентте долларды орта есеппен 452,47 теңгеден өткізіп, 453,51 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сату бағамы 505,38 теңге, ал сатып алу бағамы 510,02 теңге болып отыр.
Ресей рублін айырбастау орындары орта есеппен 5,41 теңгеден сатып алып, 5,48 теңгеден сатуда.
Ресми валюта бағамы
27 қазанға белгіленген ресми бағам бойынша:
-
1 АҚШ доллары — 451,05 теңге;
-
1 еуро — 504,95 теңге;
-
1 Ресей рублі — 5,6 теңге.
Айырбастау орындарындағы нақты бағамдар көрсетілген орташа мәндерден өзгеше болуы мүмкін.
Материал авторы