Түркістан облысында комбайн орағына 17 жастағы бозбаланың аяғы қысылып қалған
2009 жылы туған оқушы ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу кезінде жарақат алған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Асықата ауылында комбайн жөндеп жатқан 17 жастағы жасөспірімнің аяғы ауыл шаруашылығы техникасының орағына қысылып қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы құралмен оны босатып, зардап шеккен баланы жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасы жазды.
Ведомствоның мәліметінше, жазатайым оқиға шаруа қожалығының аумағында болған. 2009 жылы туған жасөспірім комбайнды жөндеп жатқан кезде оның аяғы техниканың орағына қысылып қалған.
Хабар түскен бойда оқиға орнына құтқарушылар жеткен. Олар арнайы құтқару құралын пайдаланып, жасөспірімнің аяғын техникадан босатты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құтқару жұмыстары арнайы жабдықтың көмегімен жүргізілген. Жасөспірім босатылғаннан кейін медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Материал авторы