1163

«Мемлекет те, үкімет те жоқ»: Трамп әлемдегі «ең нашар елді» атап айтты

АҚШ президенті «ең нашар елді» қатаң сынға алды.

«Мемлекет те, үкімет те жоқ»: Трамп әлемдегі «ең нашар елді» атап айтты
Kevin Dietsch/Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Сомалиге қатысты қатаң мәлімдеме жасап, оны «әлемдегі ең нашар ел болуы мүмкін» деп сипаттады.

Басылымның хабарлауынша, Трамп бұл пікірін Мичиган штатында өткен митинг кезінде айтқан. Ол сөз арасында Демократиялық партияның конгрессмені, Сомалиде дүниеге келген Илхан Омарды сынап, оның қызметі елге қиындық туғызып отырғанын мәлімдеді.

«Білесіздер ме, ол Сомалиден шыққан. Бұл әлемдегі ең нашар ел болуы мүмкін. Онда үкімет те, мүлде ештеңе де жоқ. Оларда бар нәрсе – кісі өлтіру. Олар адамдарды өлтіреді, кемелерге шабуыл жасап, оларды төлем алу үшін басып алады. Шынымды айтсам, олардың мұндай әрекеттерге де қабілеті барына таңғаламын», – деді Трамп.

АҚШ президентінің айтуынша, Сомалиде мемлекет те, үкімет те, полиция да жоқ.

«Олар тек бір-біріне оқ атып, ары-бері жүгіреді», – деп қосты ол.

Трамптың бұл сөздері Сомалидегі жағдайға қатысты оның жеке бағасын білдіреді. Оның мәлімдемесінде елдегі мемлекеттік басқару мен қауіпсіздік жүйесіне қатысты сын айтылған.

Материал авторы