4291

Уильям ханзада Қазақстанның киік санын қалпына келтірудегі жетістігін атап өтті

Танымал бағдарламада Ұлыбритания ханзадасы Қазақстанның табиғатты қорғау саласындағы жетістігін сөз етті.

Уильям ханзада Қазақстанның киік санын қалпына келтірудегі жетістігін атап өтті
BBC

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания ханзадасы Уильям Қазақстанның киік популяциясын қалпына келтірудегі жетістігін атап өтіп, бұл нәтижеге мемлекет қолдауының ықпалы болғанын айтты.

Ханзада бұл жөнінде The Graham Norton Show бағдарламасының Earthshot Prize экологиялық сыйлығына арналған арнайы шығарылымында сөз қозғаған. Ол бағдарламаға күтпеген жерден қатысып, актрисалар Кейт Бланшетт пен Ханна Уоддингемге, сондай-ақ табиғатты қорғаушы Роберт Ирвинге қосылған.

Киік – қазақ даласының символдарының бірі. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы киіктердің саны 4,7 миллион басқа жуықтаған.

Уильям ханзаданың айтуынша, киік популяциясын қалпына келтіруде мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарған. Бұл жетістік Қазақстанның жабайы жануарларды қорғау бағытындағы жұмысына халықаралық назар аударды. 

Материал авторы