Астанада балабақшада ыстық сорпаға күйіп қалған бір жарым жастағы бала ауыр жарақат алды
Балабақшадағы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Астанада бір жарым жастағы бала балабақшада III дәрежелі күйік алған. Баланың анасының айтуынша, оқиға 2 қазанда болған, ыстық сорпадан баланың денесінің 10 пайызы күйген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Astanovka 98 Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, баланың анасы балабақша әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды бермей отырғанын және оқиғаға қатысы барын жоққа шығаратынын айтқан. Осыдан кейін әйел полиция мен мемлекеттік органдарға жүгінген.
Астана қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Балабақша қызметкерінің кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленіп, қазір зерделеніп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.
Материал авторы