1907

«Баратын жерім қалмады»: 42 жастағы Мақпал Исабекованың жаттықтырушымен түсірген видеосы қызу талқыға түсті

Жұрт жаттықтырушы ер адам мен әншінің бейнежазбасынан соң пікірталасқа түсті.

«Баратын жерім қалмады»: 42 жастағы Мақпал Исабекованың жаттықтырушымен түсірген видеосы қызу талқыға түсті
instagram.com/makosyai

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Мақпал Исабекованың жаттықтырушымен бірге түсірген жаңа видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Әнші 26 қазанда Instagram парақшасында Рүстем Алмағамбетовпен бірге спортзалда түсірілген бейнежазбасын жариялаған. Олар TikTok желісінде кең тараған аудиоүзіндіні қайталап, шағын көрініс қойған.

Видеода ұзақ үзілістен кейін жаттығу залына келген Мақпал жаттықтырушысына: «Сәлем, баратын жерім қалмады», – дейді. Рүстем Алмағамбетов оған қысқа ғана «Кіре бер» деп жауап береді. Осыдан кейін әнші қуана секіріп, жаттықтырушының соңынан еріп, жаттығуға кіріседі.

Жазба жарияланған соң оқырмандар қос кейіпкердің актерлік шеберлігін талқылап, олардың рөлді сәтті сомдағанын жазды. Кейбірі әншінің әрекетінен өздерін танығанын айтса, енді бірі оның сымбаты мен сұлулығына комплимент жаудырды.

«Керемет ойнаған», «Өте әдемі», «Мектеп оқушысындай көрінеді», «Мақпалдың күлкісі әдемі», «Бірнеше рет қайта көрдім» деген мазмұндағы пікірлер қалдырғандар көп болды. Сондай-ақ желі қолданушылары әншінің жаттықтырушымен бірге түсірген әзіл көрінісін жоғары бағалады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор