1487

Астанада ер адам машиналардың астына түспек болып, жаяу жүргіншілерге шабуыл жасаған

Мас күйдегі 30 жастағы ер адам алдымен жүріп бара жатқан көліктердің астына түспек болған.

Астанада ер адам машиналардың астына түспек болып, жаяу жүргіншілерге шабуыл жасаған
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада мас күйдегі 30 жастағы ер адам жаяу жүргіншіге тиісіп, кейін жүріп бара жатқан көліктердің астына түспек болған. Полиция оны ұстап, сот шешімімен жеті тәулікке әкімшілік қамауға алды. Бұл туралы Polisia.kz порталы жазды.

ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталы хабарлағандай, оқиға елорда көшелерінің бірінде болған. Ер адам әуелі өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасауға әрекеттенген. Артынша жолға шығып, қозғалыстағы көліктерге қарай ұмтылған. Осылайша ол жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Аталған дерек бойынша ер адамға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған жеті тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор