722

Тұман, шаңды дауыл және екпінді жел: синоптиктер 28 қазанға болжам жасады

28 қазанда елдің бірқатар қаласында тұман түсіп, кей өңірде шаңды дауыл соғады

Тұман, шаңды дауыл және екпінді жел: синоптиктер 28 қазанға болжам жасады
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 28 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, алайда кей қалаларда тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +5 пен +19 градус аралығында болады, ал түнде кей өңірлерде −8 градусқа дейін аяз күтіледі.  

Астана мен Алматыда күн құбылмалы болады, жауын-шашын болжанбайды. Елордада түнде және таңертең тұман түсіп, ауа температурасы түнде −1…−3, күндіз +8…+10 градус болады. Алматыда түнде −1…−3, күндіз +10…+12 градус күтіледі.

Шымкентте күн құбылмалы, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +3…+5, күндіз +17…+19 градус болады.

Ақтөбеде күн ашық болады. Түнде −3…−5, күндіз +14…+16 градус күтіледі. Ақтауда түнгі температура +4…+6, күндіз +17…+19 градус болса, Атырауда түнде +2…+4, күндіз +16…+18 градус болады. Екі қалада да жауын-шашын болжанбайды.

Жезқазғанда түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде −1…−3, күндіз +10…+12 градус болады. Қарағандыда да тұман күтіледі: түнде −1…−3, күндіз +6…+8 градус.

Көкшетауда түнде 0…+2, күндіз +8…+10 градус болады. Қонаевта ауа температурасы түнде −2…−4, күндіз +12…+14 градусқа жетеді. Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады: түнде −2…−4, күндіз +10…+12 градус күтіледі.

Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпін алуы мүмкін. Түнде ауа температурасы 0…+2, күндіз +14…+16 градус болады.

Павлодарда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде 0…+2, күндіз +7…+9 градус күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман түсіп, ауа температурасы түнде −2…−4, күндіз +8…+10 градус болады.

Семейде түнде −5…−7, күндіз +5…+7 градус күтіледі. Өскеменде де ауа температурасы түнде −5…−7, күндіз +5…+7 градус аралығында болады. Екі қалада да жауын-шашын болжанбайды.

Талдықорғанда түнде −6…−8 градусқа дейін суытады, күндіз +13…+15 градус болады. Таразда түнгі температура −3…−5, күндіз +10…+12 градусқа жетеді. Түркістанда түнде −1…−3, күндіз +16…+18 градус күтіледі.

Оралда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Түнде −2…−4, күндіз +13…+15 градус болжанып отыр. 

Материал авторы