759

Пәтерді уақытында босатпаған жігіт үй иесін ұрып-соққан

Жалға алған пәтерін уақытында босатпаған жігіттің үй иесімен жанжалы қылмыстық іске ұласты.

Пәтерді уақытында босатпаған жігіт үй иесін ұрып-соққан
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жалға алған пәтерінің иесін ұрып-соққан 22 жастағы жігіт ұсталды. Оған қатысты денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Полицияның мәліметінше, күдікті пәтерді жалға алғанымен, келісілген уақытта босатпаған. Осыған байланысты үй иесімен арада жанжал туындаған.

Жанжал кезінде жігіт пәтер иесін балағаттап, оған дене жарақатын салған.

Астана қалалық Полиция департаменті күдіктінің анықталып, ұсталғанын хабарлады. Аталған дерек бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалған.

Бұдан бөлек, балағат сөздер айтып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот ер адамға 30 тәулік әкімшілік қамақ тағайындады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. 

Материал авторы