819

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр

Астанада сағат 11:00-де басталған жиынға Құрылтай депутаттары, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысып жатыр.

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр
Ақорда

Астанада сағат 11:00-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арналған жыл сайынғы Жолдауы басталды. Жиынға Құрылтай депутаттары, Үкімет мүшелері, Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары және қоғам өкілдері қатысып жатыр.

Іс-шараға еңбек ұжымдарының өкілдері де шақырылған.

Мемлекет басшысының Жолдауын республикалық телеарналар көрсетіп жатыр. Сонымен қатар Президенттің сөзі Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тікелей эфирде таратылады.

Материал авторы