Қазақстанда ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге дейін көтеріледі
Ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллион адамның табысына әсер етпек.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін өседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бұл тапсырманы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап орындауды жүктеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, ең төменгі жалақыны арттыру 1,8 миллион адамның табысын көбейтуге мүмкіндік береді. Олардың қатарында бюджет есебінен еңбекақы алатын 370 мыңнан астам қызметкер бар.
Тоқаев алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін жаңғыртуға да назар аударды. Президент жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, осы салаға бөлінетін қаржы көлемін біртіндеп ұлғайту маңызды екенін айтты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек саласында жұмыс істейтін мамандардың жалақысын еңбек өтіліне қарай 40%-ға дейін көтеруді тапсырды.
Президенттің мәліметінше, бұл өзгеріс 77 мыңнан астам маманның табысын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгені құрайды.
Материал авторы