Сарыағаш тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфирі үшін айыппұл арқалады
TikTok-тағы эфирді тексерген полиция оның қатысушысын анықтап, істі сотқа жіберген.
Түркістан облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде былапыт сөз айтқан стример әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкерлері TikTok-тағы тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер қолданылғанын анықтаған.
Тексеру нәтижесінде эфирге қатысқан адамның жеке басы анықталды. Ол Сарыағаш қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен құқық бұзушыға айыппұл салынды. Алайда айыппұлдың нақты мөлшері хабарланбады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші