793

Жаңбыр, тұман және екпінді жел: синоптиктер 29 қазанға болжам жасады

29 қазанда кей қалаларда жаңбыр жауып, түнде жаңбыр мен қар аралас түсуі мүмкін.

Жаңбыр, тұман және екпінді жел: синоптиктер 29 қазанға болжам жасады
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 29 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болжанбайды, алайда кей өңірлерде аздаған жаңбыр жауып, түнде жаңбыр мен қар аралас түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +6…+19 градус аралығында болса, түнде кей жерлерде −6 градусқа дейін аяз болады.

Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Астанада күн құбылмалы бұлтты болады. Күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы −2…−4 градус, күндіз +9…+11 градус аралығында болады.

Алматыда да құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +1…+3 градус, күндіз +11…+13 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде +4…+6 градус, күндіз +16…+18 градус жылы болады.

Басқа қалалардағы ауа райы болжамы

Ақтөбеде күн ашық болады. Түнде ауа температурасы −4…−6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +16…+18 градусқа жетеді.

Ақтауда жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Түнде +7…+9 градус, күндіз +17…+19 градус болады.

Атырауда да күн ашық, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы +1…+3 градус, күндіз +17…+19 градус аралығында болады.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі температура −1…−3 градус, күндіз +13…+15 градус болады.

Қарағандыда жауын-шашын күтілмейді, тұман түсуі мүмкін. Түнде −2…−4 градус, күндіз +7…+9 градус болады.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Күндіз екпінді жел соғуы ықтимал. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +6…+8 градус болады.

Қонаевта жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде −1…−3 градус, күндіз +12…+14 градус болады.

Қостанайда жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы −2…−4 градус, күндіз +10…+12 градус аралығында болады.

Қызылордада ала бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын түспейді. Түнде +1…+3 градус, күндіз +15…+17 градус болады.

Павлодарда күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +7…+9 градусқа дейін көтеріледі.

Петропавлда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз екпінді жел соғуы мүмкін. Түнде −1…−3 градус, күндіз +7…+9 градус болады.

Семейде жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы −3…−5 градус, күндіз +7…+9 градус аралығында болады.

Талдықорғанда түнде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін. Түнгі температура −1…−3 градус, күндіз +9…+11 градус болады.

Таразда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын күтілмейді. Түнде −1…−3 градус, күндіз +11…+13 градус болады.

Түркістанда жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы −1…−3 градус, күндіз +16…+18 градусқа жетеді.

Оралда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде −1…−3 градус, күндіз +14…+16 градус жылы болады.

Өскеменде жауын-шашын күтілмейді, түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі температура −4…−6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +6…+8 градус болады.

Материал авторы