957

Доллар, еуро және рубль: 29 қазанда валюта айырбастау бағамы қандай?

Айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубль әртүрлі бағамен сатылып, сатып алынып жатыр.

Доллар, еуро және рубль: 29 қазанда валюта айырбастау бағамы қандай?
Yousef Masoud/SOPA Images/LightRocket/Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 29 қазанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу-сату бағамдары әртүрлі болып отыр.

Астанадағы валюта бағамы

Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 451,85 теңгеден сатып алып, 458,85 теңгеден сатуда. Еуроны 502,88 теңгеден өткізіп, 512,88 теңгеден сатып алуға болады. Ресей рублінің сатып алу бағамы 5,43 теңге болса, сату бағамы 5,63 теңгені құрайды.

Алматыдағы валюта бағамы

Алматыда долларды айырбастау пункттеріне орта есеппен 453,65 теңгеден өткізуге болады. Ал доллар сатып алу бағасы 456,08 теңге болып отыр.

Еуроның сатып алу бағамы 505 теңге, сату бағамы 507,96 теңге. Рубльді 5,37 теңгеден өткізіп, 5,49 теңгеден сатып алуға болады.

Шымкенттегі валюта бағамы

Шымкентте айырбастау пункттері долларды орта есеппен 454,61 теңгеден сатып алып, 456,50 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағамы 506,23 теңге, ал сату бағамы 510 теңге.

Ресей рублін 5,42 теңгеден өткізуге, 5,48 теңгеден сатып алуға болады.

Қазақстандағы ресми валюта бағамы

29 қазандағы ресми бағам бойынша:

  • 1 АҚШ доллары – 457,09 теңге;

  • 1 еуро – 508,42 теңге;

  • 1 Ресей рублі – 5,67 теңге.

Айырбастау пункттеріндегі бағамдар орташа көрсеткіштер болғандықтан, нақты сатып алу және сату бағасы әр мекемеде өзгеше болуы мүмкін.

Материал авторы