800

Астанада автобус қағып кеткен қыздың жағдайы ауыр

Дәрігерлер қыздың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалады.

Астанада автобус қағып кеткен қыздың жағдайы ауыр
t.me/astanovka98

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада автобус қағып кеткен қыздың жағдайы ауыр. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Ведомствоның баспасөз қызметі қыздың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалады.

«Қоғамдық көлік қатысқан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр, тұрақты», – деп хабарлады елордалық басқарма.

Бұған дейін Астанада автобус қызды қағып кеткені хабарланған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргіншімен қатар қоғамдық көліктің жолаушылары да зардап шеккен.

Оқиғаға қатысты полиция да түсініктеме берген.

Материал авторы