830

Алматы мешітінде смартфон ұрлаған күдікті видео арқылы анықталды

Полиция мәліметінше, күдікті бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Алматы мешітінде смартфон ұрлаған күдікті видео арқылы анықталды
instagram.com/almaty.police

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы мешіттердің бірінен Samsung смартфонын ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.  

Полицияның мәліметінше, Әуезов ауданының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтаған. Бейнежазба оқиғаның мән-жайын растаған, ал ұсталған азамат кінәсін мойындағаны хабарланды.

Тәртіп сақшылары күдіктінің бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын анықтаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы мешіт ғимаратынан үш кәсіби фотоаппарат ұрланған еді. Ол іске күдікті ретінде 29 жастағы қала тұрғыны ұсталған. 

Материал авторы