1513

Қарағанды облысында ашық киіммен TikTok-та тікелей эфир жүргізген әйелге айыппұл салынды

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир үшін тағы бір адам жазаға тартылды.

Қарағанды облысында ашық киіммен TikTok-та тікелей эфир жүргізген әйелге айыппұл салынды
instagram.com/policeofkaraganda

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде былапыт сөз айтқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған айыппұл салынған.  

Қарағанды облысының Полиция департаменті Instagram парақшасында хабарлағандай, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Нұра ауданының 1992 жылы туған тұрғынының видеосы анықталған. Жазбада әйелдің әдепсіз мінез-құлық танытып, бейәдеп сөздер айтқаны көрсетілген.

Әйел полиция бөліміне жеткізілген. Істі қараған сот оған әкімшілік айыппұл тағайындаған.

Еске салайық, бұған дейін осы тікелей эфирге байланысты Көкшетау қаласының 45 жастағы тұрғыны да жауапқа тартылған болатын. Сот шешімімен оған 30 тәулік әкімшілік қамақ жазасы берілген. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор