Алматыда ер адам бұрынғы әйелінің соққыға жыққанын мәлімдеді
Ер адамның айтуынша, ол оқиғаны видеоға түсіріп, полицияға жүгінгенімен, арызы бойынша тергеу баяу жүріп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы тұрғыны бұрынғы әйелі өзін ұрып-соққанын айтып, полицияға шағымданған. Ер адамның сөзінше, ол оқиғаны видеоға түсіріп алғанымен, арызы бойынша тексеру әлі нақты нәтижеге жетпеген.
Басылымның хабарлауынша, Egovpress Telegram-арнасында жарияланған ақпаратта әйелдің арызынан кейін құқық қорғау органдары ер адамды он тәулікке қамағаны айтылған.
Алматы қалалық полиция департаменті редакцияға оқиғаға байланысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.
Тергеу нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Материал авторы