3288

Макрон Франциядағы тәртіпсіздіктерді Ирандағы соғыспен байланыстырды

Франция президентінің пікірінше, Ирандағы соғыс пен Ормуз бұғазының бұғатталуы жанармай бағасын өсіріп, халықтың сатып алу қабілетіне қысым түсірген.

Макрон Франциядағы тәртіпсіздіктерді Ирандағы соғыспен байланыстырды
Kay Nietfeld / Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция президенті Эммануэль Макрон елде студенттердің наразылығынан кейін өршіген тәртіпсіздіктерді Таяу Шығыстағы жағдаймен байланыстырды. Оның айтуынша, Ирандағы соғыс, Ормуз бұғазының бұғатталуы және жанармай бағасының өсуі халықтың сатып алу қабілетіне кері әсер етіп, елдегі дағдарысты ушықтырған.

Макронның пікірінше, сыртқы факторлардың салдары Франциядағы салықтың өсуі мен зейнетақы реформасынан да күштірек сезілген.

«Біздің осындай жағдайға жеткеніміз – бәріміздің ортақ сәтсіздігіміз», – деді Франция президенті.

Бұған дейін Франциядағы жоғары сынып оқушылары қозғалысының жетекшілері үкімет білім беру саласында бірқатар жеңілдік жасағанына қарамастан, демонстрацияларды жалғастыратынын мәлімдеген еді.

Оқушылар мен студенттер бірлестіктерінің өкілдері Франция премьер-министрі Себастьен Лекорнюмен кездесіп, үкіметтің жаңа ұсыныстарымен танысқан. Алайда олар наразылық акцияларын тоқтатпай, 31 қазан мен 5 қарашада қайтадан көшеге шығуға шақырды.

Материал авторы