Әскери қызметшілер түсірілген видеоға қатысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Шетелдік әлеуметтік желілерде тараған видеода Қазақстан әскери қызметшілері шет мемлекеттер арасындағы текетіреске қатысып жатқандай көрсетілген.
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері түсірілген видео шетелдік әлеуметтік желілерде жалған сипаттамамен тараған. Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Жалғаг ақпаоатқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлады.
Орталықтың мәліметінше, шетелдік әлеуметтік желілер сегментінде Қазақстан Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері бейнеленген видео тараған. Жазбада кадрлар шет мемлекеттер арасындағы текетіресті көрсетеді деген мазмұндағы мәлімдемелер жарияланған.
Алайда Қазақстан Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
«Көрсетілген кадрларда Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері әскери қызметшілерінің 2026 жылғы 22-25 маусым аралығында Алматы облысындағы “Көктал” полигонында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізген оқу-жаттығу жиындары бейнеленген», – делінген ресми мәлімдемеде.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын жарияланымдарды таратпас бұрын олардың бастапқы дереккөзін және контекстін тексеруге шақырды.
Материал авторы