Доллар, еуро және рубль: 30 қазандағы валюта бағамы қандай?
Ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльді сатып алу мен сату бағасы әртүрлі қалыптасты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 30 қазанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағамдары әртүрлі болды.
Астанадағы валюта бағамы
Астанада ақша айырбастау орындары долларды орта есеппен 449,06 теңгеден сатып алып, 456,06 теңгеден сатты. Еуроны сату бағасы 500,06 теңге, ал сатып алу бағасы 510,06 теңге болды. Рубльді 5,35 теңгеден өткізіп, 5,55 теңгеден сатып алуға болады.
Алматыдағы валюта бағамы
Алматыда долларды орта есеппен 452,29 теңгеден сатуға, ал 454,18 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сату бағасы 502,23 теңге, сатып алу бағасы 506,45 теңге болды. Ресей рублін айырбастау орындары орта есеппен 5,34 теңгеден қабылдап, 5,46 теңгеден сатты.
Шымкенттегі валюта бағамы
Шымкентте долларды орта есеппен 452,69 теңгеден өткізіп, 453,5 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сату бағасы 504,82 теңге, ал сатып алу бағасы 508,43 теңге болды. Рубльді 5,36 теңгеден сатуға, 5,44 теңгеден сатып алуға болады.
Ресми бағам
30 қазандағы ресми бағам бойынша:
-
1 АҚШ доллары – 453,71 теңге;
-
1 еуро – 505,8 теңге;
-
1 Ресей рублі – 5,63 теңге.
29 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,22 теңгеге төмендеп, 453,71 теңгені құрады.
Материал авторы