2299

Қостанай облысында бес жастағы бала өлтірілді

Бес жастағы бала басы мен денесіне алған көптеген жарақаттан көз жұмған.

Қостанай облысында бес жастағы бала өлтірілді
123RF

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында бес жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Құшмұрын ауылының кішкентай тұрғыны 26 қазанда басы мен денесіне алған көптеген жарақаттан көз жұмған. 

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған дерек бойынша Әулиекөл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Оқиға болған күні күдікті ұсталған. Оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі, яғни жас баланы өлтіру бабы бойынша сараланған.

Сот күдіктіні қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

Қазір іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Қостанай облысының прокуратурасы бақылауында. 

Материал авторы