Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Құқық қорғау органдары мәйітті табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның денесі «Мадрид» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы аумақтан шығарылған.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрлардан құтқарушылардың ер адамның денесін судан алып шыққанын көруге болады.
Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қаза тапқан адамның жеке басы анықталды. Ол – елорданың 54 жастағы тұрғыны.
«Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Материал авторы