Ақтөбеде 21 жастағы қызды интимдік суреттерін жариялаймын деп бопсалаған ер адам ұсталды
Ер адам жас қызды интимдік фото мен видеоларын таратамын деп қорқытқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде 21 жастағы қыздан ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол жәбірленушіні интимдік сипаттағы фото мен видеоларын әлеуметтік желіде жариялаймын деп қорқытқан. Бұл туралы Ақтөбе облысының Полиция департаменті жазды.
Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, ер адам қызбен 2026 жылдың қыркүйегінде танысып, онымен жақын қарым-қатынаста болған. Кейін ол қыздан ақша талап етіп, интимдік материалдарын әлеуметтік желілерде таратып жіберемін деп бопсалаған.
Алғашында күдікті жәбірленушіден 30 мың теңге алған. Алайда кейін тағы 70 мың теңге талап етіп, қысым көрсетуді жалғастырған.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні ақшаның екінші бөлігін алып жатқан сәтінде ұстады.
Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес, мұндай қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Материал авторы