Сиднейде алапат өрттен ғимараттың қабырғасы опырылып түсті

25.05.2023, 16:27
622
Сиднейде алапат өрттен ғимараттың қабырғасы опырылып түсті AP/Dean Lewins

Бүгін Сиднейдің орталық бөлігіндегі ғимарат қызыл жалынға оранып, қабырғасы опырылып түсті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ABC.net.au басылымына сілтеме жасап.

Өрт бүгін жергілікті уақытпен сағат 16:00-ден кейін Рэндл-стриттегі тарихи мұралар тізіміне енген ғимаратта болған. Тілсіз жаудың кесірінен көшедегі қозғалыс тоқтап, ғимарат қабырғалары құлады.

Жаңа Оңтүстік Уэльстің өрт сөндіру-құтқару қызметінің 100-ден астам қызметкері Сарри-Хиллз ауданындағы өртті сөндіруге жіберілген.

Өрт салдарынан көпқабатты үйдің қабырғалары да опырылып түскен. Өрт сөндірушілер жалын көршілес ғимараттарға да тарай ма деп қауіптеніп отыр.

Куәгерлердің бірі алдымен ғимараттан түтін шығып жатқанын көргенін айтады. Содан кейін өртке оранып, қабырғасы құлаған. «Айнала у-шу болып жатты. Жер қозғалды», - дейді ол.

Тағы бір куәгердің айтуынша, жалынның ыстығы бет шыжғыратындай болған. Жақын маңдағы шинасы жарылған көліктердің дауысы естілген.

«Өрттің аумағы мына ауруханамен бірдей болды», - деді куәгер әйел көрші ғимаратты көрсетіп. Айтуынша, он минуттан кейін ғимараттың қабырғасы опырылып түскен.

Бір өрт сөндірушінің қолын аздап күйік шалған. Бұдан өзге өрттен зардап шеккендер мен көз жұмғандардың бар-жоғы әзірге белгісіз болып отыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды