1114

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды: түнде аяз минус 8 градусқа дейін жетеді

Синоптиктер 2 қарашада елдің бірқатар аймағында тұман, көктайғақ және секундына 20 метрге дейін жететін жел болатынын болжады.

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды: түнде аяз минус 8 градусқа дейін жетеді
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2 қарашада Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер тұман, қар аралас жаңбыр, көктайғақ, үсік және екпінді жел болатынын болжап отыр. Сонымен қатар бірнеше өңірде өрт қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады.  

Ақмола облысы: түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысы: түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз шығыс пен оңтүстікте солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман түсіп, түнде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Қостанай облысы: түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Павлодар облысы: түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Күндіз осы аумақтарда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысы: батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ұлытау облысы: батысы мен орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде болады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы: күндіз солтүстік, шығыс және таулы аудандарда жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Абай облысы: түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Алматы облысы: түнде өңір бойынша 1–6 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Алматы мен Қонаевта да өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысы: шығысы мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл көлдері маңында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыс бойынша 3–8 градус үсік күтіледі. Өңірдің шығысында өрт қаупі төтенше деңгейде, ал оңтүстігінде, батысында және орталығында жоғары деңгейде сақталады. Талдықорғанда түнде 6–8 градус үсік жүріп, өрт қаупі жоғары болады.

Жамбыл облысы: таулы аудандарда тұман түседі. Таулы өңірлерде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Таразда да өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысы: түнде және таңертең таулы аудандарда тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктеріндегі аудандарда өрт қаупі жоғары деңгейде болады. Шымкент пен Түркістанда да өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысы: түнде өңір бойынша 1–6 градус үсік жүреді. Облыста өрт қаупі төтенше деңгейде, солтүстігінде жоғары деңгейде сақталады. Қызылордада түнде 1–3 градус үсік күтіліп, өрт қаупі төтенше деңгейде болады.

Атырау облысы: облыс аумағында және Атырау қаласында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысы: өңірде өрт қаупі жоғары, ал орталығында төтенше деңгейде болады. Ақтауда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан облысы: түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде болады. Оралда да түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Материал авторы