931

Доллар мен еуро айырбастау орындарында қаншадан сатылып жатыр?

Ақша айырбастау орындарында шетел валютасын сатып алу мен сату бағамдары әртүрлі қалыптасты.

Доллар мен еуро айырбастау орындарында қаншадан сатылып жатыр?
Tunahan Turhan/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2 қарашада Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу мен сату бағамдары белгілі болды. Көрсеткіштерге сәйкес, валютаны айырбастау құны қалаға және айырбастау пунктіне қарай өзгеріп отырады. 

Астана

Елордадағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 449,97 теңгеден сатуға, ал 456,97 теңгеден сатып алуға болады.

Еуроны сату бағамы орта есеппен 501,97 теңге болса, сатып алу бағамы 511,97 теңгені құрады. Ресей рублін 5,30 теңгеден өткізіп, 5,50 теңгеден сатып алуға болады.

Алматы

Алматыда бір долларды орта есеппен 452,99 теңгеден сатуға, ал 455,15 теңгеден сатып алуға болады.

Еуроны айырбастау орындары орта есеппен 503,90 теңгеден сатып алып, 508,10 теңгеден сатуда. Ресей рублінің сату бағамы 5,32 теңге, сатып алу бағамы 5,44 теңге болды.

Шымкент

Шымкенттегі айырбастау орындарында долларды орта есеппен 452 теңгеден сатуға, 455 теңгеден сатып алуға болады.

Еуроны сату бағамы шамамен 504,77 теңге болса, сатып алу бағамы орта есеппен 509,38 теңгені құрады. Ресей рублін 5,34 теңгеден сатуға, 5,45 теңгеден сатып алуға болады.

Валюталардың ресми бағамы

2 қарашаға белгіленген ресми бағам бойынша:

  • 1 АҚШ доллары – 453,87 теңге;

  • 1 еуро – 508,33 теңге;

  • 1 Ресей рублі – 5,65 теңге.

Айырбастау орындарындағы бағамдар пунктке қарай өзгеше болуы мүмкін. Сондықтан валюта айырбастамас бұрын нақты айырбастау орнының бағамын тексерген жөн.

Материал авторы