Алматыда ешкімге аға-көке емеспін – Ерболат Досаев

25.05.2023, 16:38
Алматыда ешкімге аға-көке емеспін – Ерболат Досаев tengrinews.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада ешкімге аға-көке емес екенін айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде қала тұрғыны дүкен және кафесі бар кәсіпкердің үстінен шағымданды.

«Бөкейханов көшесіндегі дәмхананың иесі өз аумағын заңсыз кеңейтіп жатыр. Кафенің аумағы тіпті табиғи қорғалатын аумаққа, яғни Есентай өзеніне дейін жетті. Ол жерде жазғы кафе салмақшы. Жұмыстарды бастап кетті. Ол біздің ескертулерге құлақ аспайды. Оның сенген мықты көкесі бар ғой деймін», - деді қала тұрғыны.

Ерболат Досаев қалада кім-кімнің аға-көкесі екенін, олардың немен айналысатынын білмейтінін айтты.

«Мен қалада кім-кімнің аға-көкесі екенін, олардың немен айналысатынын білмеймін. Мен өзім қалада ешкімге де аға-көке емеспін және аудан әкімдеріне де біреулерге олай болуға рұқсат етпеймін. Біз сіздер секілді қарапайым кісілерміз. Егер сотпен дәлелденбесе, бізге ондай мәселелерді астарлап айтудың қажеті жоқ», - деді қала әкімі.

Алматы басшысы, сондай-ақ аталған мәселені шешу үшін аудан әкіміне хаттамалық тапсырма беретінін, егер қаласа қала тұрғыны оның жанында еріп жүруіне болатынын қоса айтты.

Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болды Атырауда 86 айыппұлы бар көлік анықталды Ақтөбелік дәрігерлер өңештің варикозды тамырынан қан кетуді жаңаша емдей бастады Қазақстанға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және Кореядан БАҚ өкілдері шақырылды Жамбыл облысында балық шаруашылығы арқылы туризмді дамытуға күш салынады Астанада 700 тонна қоқыс үйіндісіне себепкер болған кәсіпкерге айыппұл салынды "Той жасауға ата-анаңыздың шамасы келмесе, қашып кетіңіз": Жазира Байырбекова қыздарға өз кеңесін берді Қазақстандықтар Facebook желісінде жалған ақпаратты жиі таратады Бірнеше рет жалған ақпарат таратқан блогерлерге ₸759 мыңға дейін айыппұл салынбақ – заң жобасы Римде қазақстандық дизайнерлер мен зергерлердің топтамалары таныстырылды "Porsche Cayenne кімдікі?": Ауыл әкімі журналистке берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды Әли Бектаев: Астық көлемін 1 жылға дейінгі мерзімге сақтау үшін қажетті қаржы бөлдіру қажет Ақтөбеде алғаш рет цирроз кезінде қан кетуді емдеу әдістері клиникалық практикаға енгізілді Астанада тағы 9 автобустың бағдары өзгерді АҚШ қаржы министрлігі мемлекеттік қарыз шегі мерзімін ауыстырды Тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялау аясында фермерлерге 7,5 млрд теңге төленді Абай облысында интернет сапасын жақсартатын Жол картасына қол қойылды Ақмола облысында 10 жасар бала жаттығу кезінде көз жұмды: полиция іс қозғады Мақтаарал ауданында қоқыс полигоны өртеніп, ауылды көк түтін басты Антикор ҚазАвтоЖолдың барлық жол-пайдалану учаскелерін тексеріп жатыр