Алматыда ешкімге аға-көке емеспін – Ерболат Досаев

25.05.2023, 16:38
906
Алматыда ешкімге аға-көке емеспін – Ерболат Досаев tengrinews.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада ешкімге аға-көке емес екенін айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде қала тұрғыны дүкен және кафесі бар кәсіпкердің үстінен шағымданды.

«Бөкейханов көшесіндегі дәмхананың иесі өз аумағын заңсыз кеңейтіп жатыр. Кафенің аумағы тіпті табиғи қорғалатын аумаққа, яғни Есентай өзеніне дейін жетті. Ол жерде жазғы кафе салмақшы. Жұмыстарды бастап кетті. Ол біздің ескертулерге құлақ аспайды. Оның сенген мықты көкесі бар ғой деймін», - деді қала тұрғыны.

Ерболат Досаев қалада кім-кімнің аға-көкесі екенін, олардың немен айналысатынын білмейтінін айтты.

«Мен қалада кім-кімнің аға-көкесі екенін, олардың немен айналысатынын білмеймін. Мен өзім қалада ешкімге де аға-көке емеспін және аудан әкімдеріне де біреулерге олай болуға рұқсат етпеймін. Біз сіздер секілді қарапайым кісілерміз. Егер сотпен дәлелденбесе, бізге ондай мәселелерді астарлап айтудың қажеті жоқ», - деді қала әкімі.

Алматы басшысы, сондай-ақ аталған мәселені шешу үшін аудан әкіміне хаттамалық тапсырма беретінін, егер қаласа қала тұрғыны оның жанында еріп жүруіне болатынын қоса айтты.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді