Тоқаев Теміртауда трамвайға мініп, жаңартылған жолды бағалады
Теміртауда трамвай қозғалысы 2024 жылы қайта іске қосылғаннан бері миллионнан астам жолаушы тасымалданған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Теміртауға барып, қалада қалпына келтірілген трамвай желісімен жүріп өтті. Мемлекет басшысы жаңартылған қоғамдық көлік жүйесінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент Республика даңғылы бойымен «Инженерная» аялдамасына дейін трамваймен сапарлады. Осылайша ол атқарылған жұмыстардың сапасын және жаңартылған көлік инфрақұрылымының толыққанды пайдалануға дайындығын бағалады.
Ақорда мәліметінше, Теміртауда трамвай қозғалысы 2024 жылы қайта жанданған. Содан бері қоғамдық көлікпен миллионнан астам жолаушы сапарлаған.
Қалада жалпы ұзындығы 30 шақырым болатын трамвай жолы қалпына келтіріліп, кейбір учаскелері жаңасына ауыстырылған. Сонымен қатар сегіз заманауи вагон сатып алынған. Бұл трамвайлардың белгіленген кесте бойынша тұрақты жүруіне мүмкіндік береді.
Материал авторы