Төреғали Төреәлі жұбайымен бірге Мәдинаға барды
Танымал әнші Меккеден кейін Мәдинаға ат басын бұрды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Төреғали Төреәлі Сауд Арабиясындағы Мәдина қаласына барып, сапарынан түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялады. Өнер иесі қала көшелерін аралап жүрген сәттерін Instagram парақшасында бөлісті.
Видеода әншінің Мәдина көшелерімен серуендеп жүргені көрінеді. Жарияланымына ол «Medina vibe» деген жазба қалдырған.
Әншінің стористеріне қарағанда, сапарға ол жалғыз аттанбаған. Төреғали Төреәлімен бірге жұбайы Толқын Мырзакимова да барған.
Бұған дейін өнер иесі Мекке қаласынан да фотолары мен видеоларын жариялаған еді. Сол жазбасында ол қасиетті қаланың жүрекке тыныштық сыйлап, жанға ерекше сезім ұялататынын айтқан.
Әншінің сөзінше, әлемнің әсем қалаларын аралап, саяхаттауға мүмкіндік көп болғанымен, Меккенің оның жүрегінде орны бөлек. Сондай-ақ ол өмірлік серігімен бірге осындай есте қаларлық сәттерді бөлісудің өзі үшін ерекше құнды екенін атап өткен.
Материал авторы