Ақтауда ХІІ жазғы универсиада басталды

25.05.2023, 17:42
776
Ақтауда ХІІ жазғы универсиада басталды Өңірлік коммуникация орталығы

Ақтау қаласында ХІІ жазғы универсиада басталды. Дүбірлі додада еліміздегі 55 универсеттің 3 мыңнан аса студенті келіп, бақ сынап жатыр, - деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақтауда алғаш рет ұйымдастырылып жатқан универсиадаға қатысушылар 17 спорт түрінен өзара бәсекеге түседі. Спорттық сайыстар алдында мандаттық комиссия тұрақты жұмысын жүргізеді. Әр ойынның ашылу салтанаты өтіп, сайыс түрлері аяқталысымен, ақпараттық ашықтық мақсатында БАҚ өкілдері үшін арнайы брифинг ұйымдастырылады.

photo

 

Ал, ХІІ жазғы универсиаданың салтанатты ашылу іс-шарасы 5 маусым күні «Маңғыстау-арена» спорт кешенінде өтеді. Ауқымды спорт додасының ашылу шарасына 20 мыңнан астам студент жиналмақ.

Бұл жолғы универсиаданың басты ерекшелігі - сан алуан спорт түрлерінен сайыстар бір өңір аумағында ғана өтеді.

«ХІІ жазғы универсиада ойындарында бірінші орын алған спортшылар 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласына өтетін дүниежүзілік универсиадаға жолдама алады. Чэнду қаласына баратындар үстел теннисі, дзюдо, жүзу, таеквондо және жеңіл атлетика сынды спорт түрлері бойынша іріктеледі», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Спорттық іс-шаралар, статистика және талдау басқармасының басшысы Мира Мұхамадиева.

photo

 

Теннисшілер тартысты ойындарымен универсиада жарысын бірінші бастады. Сайысқа 16 ерлер командасынан 48 спортшы, әйелдер арасында 15 командадан 45 спортшы қатысып жатыр. Үстел теннисінің қорытындысы 29 маусымда белгілі болады.

Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО)