Елдің бірнеше өңірінде аяз күшейіп, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді
3 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту күшіне енеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның барлық өңірінде 3 қарашада қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер тұман, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ, екпінді жел және түнгі үсік болатынын ескертті. Сонымен қатар бірқатар аймақта жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары
Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Көкшетауда да осы уақыт аралығында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар және Қарағанды облыстары
Павлодар облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Павлодар қаласында да тұман болады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысының батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да өрт қаупінің осы деңгейі тіркелген.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстары
Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Таулы аудандарда кей уақыттарда қалың қар жауады. Күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ қалыптасуы ықтимал. Солтүстік пен шығыста тұман күтіледі.
Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Абай облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыста таңертең және күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Алматы және Жетісу облыстары
Алматы облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.
Өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы мен Қонаев қалаларында да өрт қаупі жоғары. Іле Алатауының таулы аймақтарында, соның ішінде Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөлігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл көлдері маңында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде облыс бойынша 2–7 градус үсік күтіледі.
Өңірде жоғары өрт қаупі сақталса, шығысында төтенше деңгейге жетеді. Талдықорғанда түнде 3–5 градус үсік жүреді. Қалада жоғары өрт қаупі де сақталады.
Жамбыл және Түркістан облыстары
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Таулы аймақтарда оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында да өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, сондай-ақ таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жоғары өрт қаупі күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында да өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстары
Қызылорда облысында түнде 1–6 градус үсік жүреді. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі тіркелген.
Ақтөбе облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өңірдің шығысында, батысында, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы мен Атырау қаласында төтенше өрт қаупі жарияланған.
Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары
Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өңірдің орталығында өрт қаупі төтенше деңгейге жетеді. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өңірдің солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады.
Материал авторы