Доллар 457 теңгеге дейін қымбаттады: доллар, еуро мен рубль бағамы қандай?
Ақша айырбастау орындарында шетел валютасын сатып алу мен сату бағамдары әртүрлі қалыптасты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 3 қарашада Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағамы белгілі болды. Көрсеткіштерге сәйкес, үш қалада да валюталардың құны әртүрлі.
Астанадағы валюта бағамы
Елордадағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 450,46 теңгеден сатуға болады. Ал сатып алу үшін 457,46 теңге төлеу қажет.
Еуроны сату бағамы орта есеппен 502,46 теңге болса, сатып алу құны – 512,46 теңге. Рубльді айырбастау орындары 5,33 теңгеден қабылдап, 5,53 теңгеден сатуда.
Алматыдағы валюта бағамы
Алматыда бір долларды орта есеппен 452,23 теңгеден өткізуге болады. Ал сатып алу бағасы 454,38 теңгені құрайды.
Еуроны 505,01 теңгеден сатуға, 509,20 теңгеден сатып алуға болады. Рубльді айырбастау орындары 5,30 теңгеден қабылдап, 5,42 теңгеден ұсынып отыр.
Шымкенттегі валюта бағамы
Шымкентте долларды орта есеппен 452,17 теңгеден сатуға болады. Ал сатып алу бағасы 455,22 теңге шамасында.
Еуроны өткізу құны 505,76 теңге болса, сатып алу үшін 509,74 теңге қажет. Ресей рублін айырбастау орындары 5,32 теңгеден қабылдап, 5,41 теңгеден сатуда.
Ұлттық банктің ресми бағамы
3 қарашадағы ресми бағам бойынша:
-
1 АҚШ доллары – 453,64 теңге;
-
1 еуро – 508,17 теңге;
-
1 Ресей рублі – 5,59 теңге.
Материал авторы