809

«Менің жұмысым – шай ішу»: Димаш Құдайберген ұшақта әзілдеді

Димаш достарының музыкалық жұмысына әзілмен пікір білдіріп, қолдау көрсетті.

«Менің жұмысым – шай ішу»: Димаш Құдайберген ұшақта әзілдеді
instagram.com/kudaibergenov.dimash

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Латын Америкасына аттанды. Ұшақтағы сапар кезінде өнер иесі домбырашылар Темірлан мен Ернаттың музыкамен айналысып отырғанын көрсетіп, өзінің бұл ортадағы «міндетін» әзілмен жеткізді.

Гастрольдік сапардан түсірілген видеоны музыканттар әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялаған. Олардың айтуынша, концерттер арасындағы жол уақытын да шығармашылыққа арнап, күй орындап, шығармаларды жаңаша өңдеп, оларға сыбызғының үнін қосып жүр.

«Сіздерге концерттер арасындағы сапарларымыздың әдемі сәттері мен ерекше көңіл күйін көрсеткіміз келеді. Кейде ең қызықты әрі есте қаларлық оқиғалар дәл жол үстінде болады. Алда – Латын Америкасы», – деп жазған домбырашылар.

Достарының музыкамен жұмыс істеп отырғанын көрген Димаш қолындағы шай кесесін көрсетіп: «Менің жұмысым – шай ішу», – деп әзілдеген. Кейін музыканттардың орындауын тыңдап, оларды қол шапалақтап қолдаған.

Айта кетейік, бұған дейін Темірлан мен Ернат Димаштың Мадридте өткен жеке концертінде күй орындап, испан көрермендерінің ыстық ықыласына бөленген еді. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор