963

Семейде 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып, хабар-ошарсыз кетті

Баланың жоғалғаны туралы полицияға әкесі хабарлаған. Қазір оны іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Семейде 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып, хабар-ошарсыз кетті
Абай ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде кәмелетке толмаған Айдар Сейталы жоғалып кетті. Ол 31 қазанда үйінен шығып, содан бері оралмаған. Абай облысының полициясы жасөспірімнің жүрген жерін анықтау үшін іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қарашада Семей қалалық полиция басқармасына 44 жастағы тұрғын арызданған. Ол ұлының жоғалғанын хабарлаған.

Іздеуде жүрген бала – 2011 жылғы 10 мамырда туған Сейталы Айдар Дамирұлы. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім 31 қазанда үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары Айдарды көрген немесе оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтардан дереу 102 нөміріне хабарласуды не жақын маңдағы полиция бөліміне жүгінуді сұрайды.

Полицияның айтуынша, тұрғындар ұсынған кез келген мәлімет жасөспірімді іздеуге көмектесуі мүмкін.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор