1195

Алматы облысында белгілі волонтерді өлтірді деген күдікті ұсталды

Марқұмның зорлық-зомбылық салдарынан көз жұмғаны сараптама нәтижесінде расталып, полиция қылмысқа қатысы бар адамды іздестіруге кіріскен еді.

Алматы облысында белгілі волонтерді өлтірді деген күдікті ұсталды
arsenkabdenov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында жануарларға арналған «Твардовский дом» панасының негізін қалаған белгілі ерікті Владимир Тепляковтың өліміне қатысты күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр. 

Белгілі волонтер әрі жануарларды қорғау бастамасының негізін қалаушы Владимир Тепляковтың қайтыс болғаны туралы ақпарат 7 қазанда тараған еді. Кейін жүргізілген сараптама мен жедел-іздестіру шаралары оның зорлық-зомбылық салдарынан көз жұмғанын растады. Осыдан кейін құқық қорғау органдары күдіктіні іздестіруге кіріскен.

Алматы облыстық полиция департаменті тергеу барысына қатысты ресми түсініктеме беріп, күдіктінің ұсталғанын растады.

«Полиция қызметкерлері биыл 7 қазанда ер адамның өліміне байланысты кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.

Тергеу аясында ұсталған адамның аталған қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сонымен қатар істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты әрі объективті анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Қылмыстық істің тергелу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – делінген ведомство хабарламасында.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор