880

«Сахна – менің орным»: Қайрат Түнтеков сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді

Қайрат Түнтеков өмірінде бәрін тастап, үнсіз қалғысы келген сәттер болғанын жасырмады.

«Сахна – менің орным»: Қайрат Түнтеков сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді
instagram.com/tuntekov_k

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қайрат Түнтеков ұзақ уақыт бойы ел алдына шықпай, шығармашылықтан қол үзген кезеңі туралы айтып, музыкадан біржола кетпейтінін мәлімдеді. Өнер иесі басынан өткен қиындықтарға қарамастан, сахнаға қайта оралуға ниетті. 

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында тыңдармандарына арнайы бейнеүндеу жариялап, өмірінде қуанышты сәттермен қатар, ауыр кезеңдер де болғанын жасырмады.

«Менің басымнан талай жағдай өтті. Қуанышты күндер де, қиындықтар да болды. Кейде бәрін тастап, мүлде үнсіз қалғым келген кездер аз емес. Бірақ өнерден біржола кетуге жүрегім дауаламады. Өйткені музыка – өмірімнің бір бөлігі. Сахна – менің орным. Ал сіздердің қолдауларыңыз маған әрдайым күш береді», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Қайрат Түнтеков өзіне қолдау білдіріп жүрген тыңдармандарына алғыс айтты.

Жарияланымның астына желі қолданушылары жылы лебіздерін қалдырып, әншінің өнерге қайта оралуына тілектестік білдірген.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор