Павлодарда екі оқушы қызға қатысты зорлау дерегі тергеліп жатыр
Оқиға туралы полицияға мектептен хабар түскен, қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторында отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар қаласында мектептердің бірінде оқитын екі қызға қатысты зорлау дерегі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға туралы полицияға білім беру мекемесінен хабар түскен.
Аталған жағдай бойынша екі қылмыстық іс тіркелген. Полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстаған. Қазіргі уақытта сот шешімімен күдіктілер қамауда отыр.
Қазір тергеу аясында қажетті процессуалдық және тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның өзге мән-жайларын жария етпеді.
Материал авторы