Ақмолалық оқушылар қол генераторын құрастырды

25.05.2023, 20:43
564
Ақмолалық оқушылар қол генераторын құрастырды Inform.kz

Ақмола облысы Бұланды ауданының №2 Никольское жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушылары Асанәлі Әшімов пен Максим Журавлев қол генераторын құрастырып шығарды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқушылардың сөзінше, далаға, табиғат аясына шыққанда телефонды немесе басқа да құрылғыны электр желілері болмаған жағдайда зарядтауға болады.

«Информатика пәнінің мұғалімі Артем Цимбалдың жетекшілігімен біз механикалық тұтқаны пайдаланып, кез келген ұсақ құрылғыны зарядтауға мүмкіндік беретін қол генераторын жасап, құрастырдық. Бұл құрылғының тасымалдануын ескере отырып, оны алыс қашықтыққа оңай тасымалдауға болады және шұғыл немесе төтенше жағдайларда байланыссыз қалатынынан қорықпайсыз», - деп бөлісті оқушылар.

Сонымен бірге, аталмыш оқушылар Бішкек қаласында өткен «Біз ХХ ғасырдың зиялыларымыз» халықаралық байқауына қатысты. Бұл байқауға Қырғызстан, Ресей және Қазақстаннан барған оқушылардың 200-ге жуық жұмыстары ұсынылды.

Байқауда Журавлев Максим мен Әшімов Асаналидің «Қол генераторы» жобасы «Жаңа теориялық әзірлемелер мен модельдер» аталымында жүлделі үшінші орынға ие болды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады