«Үнді киносы болды ғой»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі түскен видео талқыға түсті
Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың бұрынғы жұбайлары сахнада ән шырқады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев пен актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы Аймира Аман бірге түскен видео қызу талқыланып жатыр. Күтпеген кездесуді көрген желі қолданушылары түрлі болжам жасап, әзілге айналдырған.
Желіде тараған видеода Дархан Мұсаев пен Аймира Аман сахнада бірге тұрғаны көрінеді. Кадрда Аймира ән орындап жатса, Дарханның қолында гүл шоғы бар. Осы көрініс көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде түрлі пікірге арқау болған.
«Екеуі үйленсе, қызық болар еді», – деп жазған қолданушылардың бірі.
Тағы бір желі қолданушысы бұл жағдайды үнді фильмінің сюжетіне теңеген. Басқалары да күтпеген үйлесімді әзілге қосып, видеоға қатысты түрлі жорамалын білдірген.
Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев жеке өміріне қатысты пікір білдірген болатын.
Материал авторы