1723

БҚО-да мұнаралы кран құлап, машинист қаза тапты

Оқиға кезінде кран кабинасында болған жұмысшы қаза тапты.

БҚО-да мұнаралы кран құлап, машинист қаза тапты
Мой город

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, оның кабинасында болған кран машинисі көз жұмды. Қазір қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. 

Қайғылы жағдай 7 қарашада Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында болған. Көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы кезінде мұнаралы кран құлап, кабинада отырған жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті жұмысшының қаза болғанын растады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның қалай болғанын және кранның құлауына не себеп болғанын анықтап жатыр.

«Полиция трагедияның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Тергеушілер әзірге істің егжей-тегжейін жарияламайды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор