1719

Маңғыстауда жол апатынан 58 жастағы әйел қаза тапты

Әйел адам жедел жәрдем жеткенше көз жұмған.

Маңғыстауда жол апатынан 58 жастағы әйел қаза тапты
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 58 жастағы әйел көз жұмды. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.

Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама 6 қарашада сағат 21:31-де түскен. Куәгер Мал базары маңы мен «Химик» саяжай алқабының жанында зардап шеккендер бар жол апаты болғанын хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Алайда медицина қызметкерлері 58 жастағы әйелдің жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын анықтады.

Ал 69 жастағы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ол Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор