1367

Жерде магниттік дауыл басталды: күн желінің жылдамдығы 700 км/с-қа жуықтады

Соңғы екі тәулікте Жер маңындағы күн желінің жылдамдығы секундына 300 шақырымнан 700 шақырымға жуық көрсеткішке дейін артқан.

Жерде магниттік дауыл басталды: күн желінің жылдамдығы 700 км/с-қа жуықтады
NASA/SDO/AIA

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жерде Kp5+ деңгейіндегі магниттік дауыл тіркелді. Соңғы екі тәулікте планета маңындағы күн желінің жылдамдығы секундына 300 шақырымнан 700 шақырымға жуық көрсеткішке дейін өскен. Бұл туралы Күн астрономиясы зертханасының мәлімдеді.

Ғалымдардың дерегінше, Жер бұған дейін, яғни алдыңғы түндердің бірінде-ақ Күннің тәждік тесігінен тараған плазма ағынына енген. Соған қарамастан, магнитосфера біраз уақыт бойы салыстырмалы түрде тұрақты күйін сақтап, жасыл аймақта болған. Дегенмен оның жағдайы біртіндеп шиеленісе түскен.

Мамандар магниттік дауылдың басталуы күтілген құбылыс болғанын айтады. Олардың пікірінше, күн желінің жылдамдығының күрт артуы магнитосфераға түсетін қысымды күшейткен.

Қазір полярлық шұғыла байқалатын аймақтың белсенділігі де жылдам артып келеді. Ғалымдар жоғары ендіктерде әлсіз полярлық шұғылалар көрінуі мүмкін екенін ескертті.

Материал авторы