Астанада Есіл өзенінен 56 жастағы ер адамның денесі табылды
Полиция марқұмның 56 жастағы елорда тұрғыны екенін анықтап, қылмыстық іс қозғады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Есіл өзенінен 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті жазды.
Полиция мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталған. Ол елорда тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші