1110

Түркістанда балалар алаңында екі әйел төбелесіп қалды

Алдымен ауызша басталған жанжалдың соңы төбелеске жеткен көрінеді.

Түркістанда балалар алаңында екі әйел төбелесіп қалды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістандағы сауда орталықтарының бірінде екі әйелдің арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Оқиға балаларға арналған ойын алаңында болған. Жанжал салдарынан әйелдердің бірі дене жарақатын алған. 

Jagdaikz мәліметінше, оқиға 7 қарашада Turan Mall сауда орталығындағы «Балу» ойын алаңында болған.

Оқиғаның куәгері жанжалдың видеосын әлеуметтік желіде жариялаған. Оның айтуынша, бастапқыда әйелдердің не себепті сөзге келгенін түсінбеген. Кейін белгілі болғандай, ақшыл шашты қыз балалардың біріне тиіп кеткен. Осыдан соң баланың анасы жағдайды анықтау үшін оған жақындаған.

Жазба авторы оқиғадан зардап шеккен әйелге видеоны бірден көрсете алмағанын да айтқан. Себебі сол сәтте телефонының қуаты таусылып қалған. Сондықтан ол бейнежазбаны әлеуметтік желіге жариялауды жөн көрген.

Түркістан облысының полиция департаменті екі әйелдің арасында алдымен ауызша жанжал туындап, кейін төбелеске ұласқанын хабарлады. Нәтижесінде олардың бірі дене жарақатын алған.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны басқармаға жеткізген. Қазір әйелдің қатысуымен қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша тергеу жалғасуда.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор